Қазақ әдебиетінің классиктері Т.Ахтанов пен Қ.Шаңғытбаевтың біртұтас ескерткіші

Ескерткіштің орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі 50-үй аумағындағы гүлзарда.

Тарихи мәлімет: Тахауи Ахтанов (1923–1994 ж.ж.) Ақтөбе облысының Шалқар ауданы, Шетырғыз селосында туған. 1940 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға түседі. Екінші курста оқып жүргенде өзі сұранып майданға аттанады. Алғашқы өлеңдері «Жастар дауысы» деп аталатын ұжымдық жинақта жарық көрді. Жазушының өнімді де жемісті еңбек еткен жанрлары – проза мен драматургия. Баспасөз бетінде алғаш жарық көрген әңгімесі – «Күй аңызы». 1956 жылы «Қаһарлы күндер» атты романы жарық көрді. «Дала сыры» повесі үшін  авторға 1966 жылы Қазақ КСР-ның Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді. 1968 жылы жазылған «Сәуле» драмасы, одан кейінгі «Боран», «Ант», «Әке мен бала» драмалары да қазақ сахнасының өміршең туындыларына айналды. «Махаббат мұңы», «Күтпеген кездесу» драмалары, «Арыстанның сыбағасы», «Күшік күйеу» комедиялары қазақ, орыс және туысқан халықтар сахнасында көрінді. А.Н.Толстойдың «Азапты сапарда» трилогиясын, М.Горькийдің әңгімелерін қазақ тіліне аударды. ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, екі рет Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған. Қаламгерге Қазақстанның Халық жазушысы атағы берілген.

Шанғытбаев Қуандық Төлегенұлы (1925-2001 ж.ж.) Ақтөбе облысының бұрынғы Қарабұтақ ауданында дүниеге келген. 1940-43 жылдары ҚазМУ-дың филология факультетінде оқыған. 1944-55 жылдары Ақтөбе пединститутының кафедра меңгерушісі, тілші, «Актюбинская правда» газеті редакциясының бөлім меңгерушісі. Сонымен қатар халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің әдеби хатшысы болды. 1945 жылы «Ар» атты алғашқы өлеңдер жинағы жарық көрді. Кейінгі жылдары: «Аққу әні» (1968), «Өлендер» (1970), «Арма, республикам» (1974), «Лирика» (таңдаулы. (1976), «Махаббат пен гадауат» (1995). Әлия Молдағұлова мен ақын Сағи Жиенбаев туралы толғандыратын өлеңдер жазды.

Кең қоғам мен драматург ретінде белгілі. К. Байсейітовпен бірге «Беу, Қыздарай» (1960), «Ой, жігіттер-ай» (1967), «Құтырғаннан құтылған» (1976) пьесалары жазылған. Ақынның өлеңдеріне көптеген әндер жазылған. С. Мұхамеджанов, «Тыныштық – әлемге», «Әйтеуір сол қыз – бір сұлу», «Тербеледі тың дала», «Уа, женгелер, женгелер», «Есімде» және т.б. өлеңдері танымал болды. КСРО медальдарымен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Қазақстанның Халық жазушысы. Алматы қаласында қайтыс болды.

Ескерткіштің сипаттамасы: Ескерткіш қазақ әдебиетінің екі классигі – ҚР Халық жазушысы, драматург Тахауи Ахтановқа және халық ақыны, драматург Қуандық Шаңғытбаевқа қойылған. Қола мүсіннің биіктігі 6,5 м, ені 360 см, ұзындығы 432 см. Көрнекті мәдениет қайраткерлеріне арналған ескерткіштің авторы – Ақтөбе мүсінші Жеңіс Жұбанқосов.