Атауы: Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен ақтөбелік ардагерлерге арналған ескерткіш — белгі
Ескерткіштің түрі: Монументтік өнер құрылыстары
Ескерткіштің мерзімі: 2020 жыл
Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Бейбітшілік даңғылы мен Маресьев көшесінің қиылысында орналасқан
Ескерткіштің сипаттамасы: Қара гранит тастан жасалған киіз үй пішініндегі ескерткіш. Ескерткіштің оң жағында бесбұрышты жұлдыз 1949 — 1991, сол жағында: «СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚ ПОЛИГОНЫНДА ЗАРДАП ШЕККЕН АҚТӨБЕЛІК АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ ПЕН ТАҒЗЫМ» деп жазылған.
Ескерткіштің табанымен есептегендегі жалпы биіктігі – 3,87 метр, табанының өлшемі – 3,9 x 5,1, биіктігі – 0,30 метр. Тұғырдың өлшемі – 0,47 x 0,30 метр, биіктігі – 0,80 метр.
Тарихи мәлімет: Семей полигоны — КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. 1949 — 1991 жылдар аралығында Семей полигонында 11 мың ақтөбелік әскери борышын өтеді. Бүгінде облыста сол азаматтардың 1800 — і ғана қалған.