Ұ.Құлымбетовтың ескерткіш-бюсті

Ескерткіштің түрі: Монументтік өнер құрылысы

Ескерткіштің мерзімі: 2017 жыл

Орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, Батыс-2 ауданындағы № 64 орта мектептің аумағында

Тарихи мәлімет: Ұзақбай Құлымбетов – қоғам қайраткері, 1891 жылы 18-наурызда Ырғыз ауданында дүниеге келген. Ол күрделі тарихи кезеңде өмірге келіп, қарапайым ауыл мұғалімінен қазақ Үкіметінің төрағалығы қызметіне дейін көтерілді.

1937 жылы жазықсыз түрде саяси қуғын сүргінге ұшырап, 47 жасында «хылық жауы» болып атылып кетті.

Ескерткіштің сипаттамасы: Ұ.Құлымбетовтің ескерткіш мүсіні қоладан құйылған, биіктігі – 80,7 см. Тұғыры күрті гранитінен қашалып жасалған, биіктігі 1,8 м, ені 60 см.

Мүсінші Е.Сергебаев.