Ақтөбе облысының тарихи-мәдени мұрасына арналған Aktobenasledie.kz цифрлық платформасы жаңа дизайнмен және жаңа мүмкіндіктермен жұмысын бастады.

Жаңартылған сайтта:

  • тарихи-мәдени мұра нысандарының толық каталогы;
  • қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі ақпарат;
  • ыңғайлы іздеу және сүзгілеу жүйесі;
  • жаңартылған QR-кодтар арқылы жылдам қолжетімділік;
  • фотосуреттер, карталар, аудиогидтер және ғылыми материалдар ұсынылған.

Қазіргі уақытта сайттың контенті кезең-кезеңімен жаңартылып, толықтырылуда. Осыған байланысты бұрынғы портал old.aktobenasledie.kz мекенжайы арқылы уақытша қолжетімді болып қала береді. Жаңартылған платформадағы барлық материалдар толық орналастырылғанға дейін пайдаланушылар ескі сайттағы ақпаратты да пайдалана алады.

Платформа Ақтөбе облысының тарихи-мәдени мұрасын кеңінен насихаттап, тұрғындар мен туристер үшін ақпаратқа қолжетімділікті арттыруға бағытталған